Алматының бюджеті қайта қаралды

27 Қаңтар 2022, 17:40
1273
Бөлісу:
Алматының бюджеті қайта қаралды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы өтті. Қаланың әкімшілік және күштік құрылымдарының  тыныс - тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін сонымен қатар, кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге және бизнес секторын ынталандыру мақсатында мәслихат әкімдіктің бастамасы бойынша Алматы қаласы бюджетіне нақтылау жүргізді. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.            

Жалпы жергілікті бюджетті нақтылау  2021 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін 30 млрд теңге сомасына асыра орындау есебінен жүргізіледі.  

Бөлініп отырған қаржы мемлекет басшысының қаланы тезірек қалпына келтіру, халық пен бизнес нысандарына көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында мынандай шығыстарға бағытталады:

- Тәртіпсіздік барысында зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу - 5 млрд теңге;

- ШОБ субъектілері үшін коммуналдық шығыстарды төлеу бойынша шығындарды субсидиялауға (3 ай мерзімге) - 1.5 млрд теңге;

- Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру аясында қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін 6 мың адамға 3.3 млрд теңге қаражат қарастыру жоспарлануда;

- Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетігін енгізуге 6.3 млрд теңге бөлінді;

- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайтуға. Бұл мақсаттарға 2.2 млрд теңге бөлу жоспарлануда;

Сонымен қатар, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыруға өзге де шығыстар көзделген.

Қазір қала бюджетін нақтылау жобасы әзірленуде, онда мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мен қалпына келтіруге қатысты басқа да мәселелер қаралады - деді Мәслихат Хатшысы Станислав Канкуров.

Сондай-ақ, мәслихат сессиясында  «Ақ жол» партиясының қалалық тізімінен ротация бойынша және жеке арызы негізінде Ю.Шиннің өкілеттігі тоқтатылды. Оның орнына аумақтық сайлау комиссиясының және «Ақ жол» партиясы филиалы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ директоры және белгілі заңгер Ербол Омархановтың кандидатурасы бекітілді.
 

Өзгелердің жаңалығы