Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматының бірнеше ауданында жарық өшті – АЖК түсініктеме берді

19 Маусым 2025, 17:27
3079
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бүгін, 19 маусымда Алматы қаласының бірнеше аумағында жарық өшіп, тұрғындар наразылығын тудырды. "Алатау жарық компаниясы" АҚ осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Компания мәліметінше, электр қуаты кабель желілерінің зақымдалуына байланысты өшті. Жоспарлы өшірулер сағат 10:00-ден 23:00-ге дейінгі аралықта үш сағатқа созылады.

Гоголь – Сейфуллин – Шевченко – Шарипов көшелерімен шектелген аумақта жарық өшірілетінін айтты. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деді "АЖК" өкілдері.

Сондай-ақ сағат 16:30 шамасынан бастап Алатау ауданында да жарық өшіп, осы ақпарат шығу уақытында әлі жанбады.

Айта кетейік, 17 маусымда күннің екінші жартысында Алматыдағы Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы – Жандосов көшесі – Саин көшесімен шектелген аумақта орналасқан тұрғын үйлер жарықсыз қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы