Алматының Әуезов ауданында 95 үйдің жеделсатысы ауыстырылды

28 Қараша 2023, 04:25
418
Бөлісу:
Алматының Әуезов ауданында 95 үйдің жеделсатысы ауыстырылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2023 жылы «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Әуезов ауданында 95 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді,оның ішінде: 57 үйде 102 лифт ауыстырылды және 38 үйде жалпы пайдалану орындарына күрделі жөндеу жүргізілді, яғни шатыр, инженерлік желілер. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев Алматы қаласының ӨКҚ-нің брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы аудан бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту қажеттілігі қалып отыр, осыған байланысты жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады. 2024 жылдың бірінші тоқсанына тұрғындардан 7 үйде 10 лифт ауыстыруға және 20 үйде жалпы пайдалану орындарын күрделі жөндеуге өтінім бар, - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, азаматтық-тұрғын үй құрылысы бойынша нысандарды іске асыру жалғасуда. 2023 жылы екі көпқабатты тұрғын үй кешені іске қосылды, жалпы ауданы 78 мың ш.м 2023 жылдың соңына дейін тағы екі көппәтерлі тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарланған, жалпы ауданы 83 мың ш.м келесі жылы жалпы ауданы 143 мың ш.м үш тұрғын үй кешенін іске қосу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы