Алматының үш ауданында өрт сөндіру депосы салынады

4 Тамыз 2019, 13:42
1863
Бөлісу:
Алматының үш ауданында өрт сөндіру депосы салынады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында өрт сөндіру депосы салынады. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа өрт сөндіру деполарының салынуы оқиға орнына жылдам баруға және өрт сөндірушілердің жұмысын тиімді ете түседі. Қазір қалада өртенген жерге жетудің орташа уақыты 13 минутты құрайды.

«130 мың тұрғын бар Наурызбай ауданы қалаға қосылғанда өрт сөндіру депосы болмаған. Ал Бостандық ауданының жоғары жағынан бой көтерген үйлердің көптігіне байланысты бұл маңдағы алты ықшамауданды өрт сөндіру депосымен қамтамасыз етуді қажет етеді. ТЖД-нің ұсынысымен Жайлы қалалық орта басқармасымен екі өрт сөндіру бөлімін салу жоспары қаралуда», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта шаһарда 17 өртке қарсы қызметі жұмыс істеуде. Күн сайын жеке құрамның 190 адамы тәуліктік кезекшілікке шығады.

Өзгелердің жаңалығы