Алматыны қар басты

13 Қараша 2020, 09:16
1757
Бөлісу:
Алматыны қар басты

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда 12 қарашада жаңбыр жауып, оның арты қарға айналды. Мамандардың айтуынша, түнде қалаға 4-7 см,  ал таулы аймақтарға 10-12 см қар түскен.

Алматы әкімдігі көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайырық кіреберістеріне арнайы материалдар себіліп, қар тазартылғанын хабарлады.

13 қарашада таңғы сағат 6.00-дегі жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 1487 тонна материал пайдаланылды. Сондай-ақ, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада.

Қаладағы қар тазалау жұмыстарына 567 техника, оның ішінде 174 құмлақтырғыш және 1485 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы