«ALMATYM JÚREGIMDE» ән байқауы өтіп жатыр

17 Қыркүйек 2023, 08:40
706
Бөлісу:
«ALMATYM JÚREGIMDE» ән байқауы өтіп жатыр

«ALMATYM JÚREGIMDE – 2023» эстрадалық ән орындаушыларының Бірінші халықаралық байқауы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдағы Абай алаңында, бастау алған шараға 11 елдің үздік орындаушылары қатысуда. Ән додасы екі күнге жалғасады. Бірінші күні қатысушылар өз елдерінің эстрадалық шығармаларын орындады. Ал кеше эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық композиторлардың танымал әндерін орындады. Қатысушылардың өнерін халықаралық әділ-қазылар алқасы бағалайды.

Үздік шыққан гран-при иегеріне 2 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Әншілер бұл байқаудың ерекшелігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

«ALMATYM JÚREGIMDE» конкурсы - ғажайып шара. Біріншіден халықаралық, екіншіден әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі деп сенімді түрде айта аламын, ару Алматыда өтіп жатыр. Үшіншіден конкурс мәдени дәстүрлердің бірігуіне жол ашады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - дейді Грузияның эстрада әншісі Этери Бериашвили.

Өзгелердің жаңалығы