Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 70 млрд теңгеден асты

15 Шілде 2020, 15:12
1118
Бөлісу:
Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 70 млрд теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 маусымы аралығында Медициналық сақтандыру қорына 360 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. 

Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен  29 мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 70,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 61,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 9 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі, - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 171 мыңнан астам адам 242,8 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.

Өзгелердің жаңалығы