Алматылықтарды заңсыз салынып жатқан ТҮК пәтер сатып алмауға шақырды

2 Қараша 2022, 16:46
980
Бөлісу:
Алматылықтарды заңсыз салынып жатқан ТҮК пәтер сатып алмауға шақырды

Пәтер сатып аларда үлескерлерді алдау жиі кездеседі. Қарағайлы шағын ауданындағы Французский дом тұрғын үй кешені рұқсат құжатынсыз салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әрі меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салуда. Шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1 бөлігі, 321 бап бойынша жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты 19.10.2022 жылға дейін жою туралы бұйрық шығарылды. 

Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеуден өтуде. 

Қосымша басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдады.

 Жылжымайтын мүлікті сатып аларда салынып жатқан тұрғын үй кешені құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 телефон нөмірі арқылы тексеруге болады, - делінген Алматы қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы