Алматылықтардан "Наурыз" бағдарламасына 4 мыңға жуық өтініш қабылданды

17 Мамыр 2024, 12:16
335
Бөлісу:
Алматылықтардан "Наурыз" бағдарламасына 4 мыңға жуық өтініш қабылданды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыдағы "Отбасы банкі" АҚ директоры Данагүл Түсіпова атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар көш бастап тұр.

15 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 14 000 жуық өтінім сәтті қабылданды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 3737 өтінім. Өтінімдердің жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Баспана маркет платформасы (otbasybank.kz) сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдауға қабілетті, – дейді Данагүл Түсіпова.

ӨКҚ спикері ұпайлардың қалай есептелетінін атап өтті:

- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;
- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.

Егер екі қатысушының ұпайлар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы