Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті

25 Мамыр 2024, 12:41
2504
Бөлісу:
Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті
PHOTO
Фото: автордан

Мегаполисте Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдегі мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, тұңғыш Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жылдығына орай жиналып отырмыз. Сағадат Нұрмағамбетов – батылдықтың, Отанға қалтқысыз қызмет етудің және ерліктің үлгісі. Бұл кісінің еңбегі орасан. Осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын жасақтаған Қарулы Күштеріміздің тарихы алға басып келеді. Осы жердегі генералдар мен офицерлер сол кісінің қол астында әскери борышын атқарып, әскери білімін арттырды. Сағадат Нұрмағамбетов жастарға өзінің ақылын айтып, подполковник, полковниктерге, әскерилерге елге қалай қызмет ету керектігін үйретті. Біз ол кезде жас едік, ағаның үйреткендері әлі күнге дейін біздің санамызда. Бүгінде осы білгендерімізді жастарға үйретіп келе жатқан жайымыз бар,- дейді бұрынғы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Сағадат Нұрмағамбетов тұрған үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойғаннан кейін гарнизонның әскери қызметшілері батырдың ерлігіне құрмет көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтті.

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті


Сондай-ақ, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің Офицерлер одағы да гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Тәуелсіздік таңында Сағадат Нұрмағамбетов жас мемлекеттің Қарулы Күштерін құрып, қорғаныс қабілетін нығайтты. Сағадат Нұрмағамбетовтің еңбегін жастарға дәріптеу мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Халық қаһарманы жайлы деректі фильм түсірілді, еліміздің әр өңірінде ескерткіштер ашылды. 2017 жылы Ресейдің мұражайында бюст орнатылды. Командир ретінде ол сарбаздарды жақсы көрді. Сағадат Нұрмағамбетов сарбаздарға көңіл бөліп, олармен араласып, жақын болды. Оның сөздері мен ақыл-кеңестері әрбір сарбаздың көкірегінде сайрап тұр. Ол кісінің кезінде көптеген жұмыстар атқарып, қазақ армиясын қалыптастыру жолында өлшеусіз еңбек етті,- дейді генерал-майор, ҚР мемлекет және әскери қайраткері Махмұт Телегусов.

Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Алматылықтар Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Өзгелердің жаңалығы