Алматылық студент тамақ таситын робот ойлап тапты

16 Желтоқсан 2022, 13:31
856
Бөлісу:
Алматылық студент тамақ таситын робот ойлап тапты

Алматылық студент тамақ таситын курьер болатын робот ойлап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сәйкес,  Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4 курс студенті Бексұлтан Айтен курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тауып, жас миллионер атанып отыр. 

Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады. Қазір оның дрондарына кәсіпкерлердің қызығушылық танытып отыр. Инженерлік және Жаратылыстану факультетінің студенті Бексұлтан Әйтенде алты түрлі дронның прототипі бар, сол дрондарды сатумен де айналысады.

 Ол роботтарды СДУ Технопаркінде құрастырып, сол жерде сандық технология саласындағы жобаларын да жарыққа шығарды. Енді алдағы уақытта әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасағысы келеді. Сондай-ақ Бексұлтан робототехниканы үйренуге арналған білім беру жинақтарын шығаруды жоспарлап отыр. 

Оның айтуынша, соның арқасында балалар өз бетінше керемет технологияларды ойлап таба алады.

Өзгелердің жаңалығы