Алматылық мопед жүргізушісі арбадағы баланы қағып кетті

2 Қараша 2023, 11:49
443
Бөлісу:
Алматылық мопед жүргізушісі арбадағы баланы қағып кетті
Фото: Krispnews.kz

Сәтбаев пен Брусиловский көшелерінің қиылысында мопед жүргізушісінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының полициясы жол апаты 1 қарашада сағат 20:25-те қаланың Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

1999 жылы туған мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі веложол бойымен шығыс бағытта жүріп, Брусиловский көшесінің қиылысында арбаны соғып өткен. 

Арбада үш жасар қыз болды. Балаға алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады. ҚР заңнамасына сәйкес, жүргізушіге қатысты сараптама тағайындалады және тиісті шаралар қабылданады, – дейді Алматы қалалық полиция басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы