Алматылық МИБ өкілдерін даярлайтын орталық ашу керек – қоғамдық кеңес төрағасы

26 Мамыр 2023, 12:59
681
Бөлісу:
Алматылық МИБ өкілдерін даярлайтын орталық ашу керек – қоғамдық кеңес төрағасы
Фото: автордан

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Отырыста меншік иелері бірлестіктерінің мәселері талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Жиын барысында ұсыныстар мен МИБ өкілдерінің шағымдары тыңдалды.

Бізге тұрғындардың әр түрлі шағымдары келіп түседі. Оның барлығын МИБ өкілдері шешеді деп айта алмаймыз. Көбісі үйдің жөндеу жұмыстарына, ыстық су, суық судың болмауына, жылуға байланысты шағымданады. Осы ретте, тұрғындар мен МИБ өкілдерінің жұмысын жақсарту мақсатында қала телефондарында арнайы бағдарлама орнатылса екен. Сонда МИБ жұмысы жеңілдейтін еді. Сондай-ақ бұл өтініштерді бірден жауапты орындарға жолдап, мәселенің шешілуіне жол ашылар еді. Тұрғындар бот арқылы сұрақ қойып, жауап ала алатын болады, – дейді МИБ өкілі Аркадий Рубаков. 

Алматылық МИБ өкілдерін даярлайтын орталық ашу керек – қоғамдық кеңес төрағасы

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева МИБ өкілдерін даярлайтын орталық ашу керектігін атап өтті. 

Бүгінгі таңда тұрғындардың МИБ мүшелеріне айтар шағымдары көп. Атап айтқанда, тарифті негізсіз өсіру, жиналыстарды өткізбей-ақ қаражат жинау, кейбір ПИК нысандары құжаттарының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі әлі де азаймай отыр. Десе де, аталаған жағдайды шешу мақсатында қарқынды жұмыс атқарылуда. Меніңше, МИБ төрағаларын, қарапайым серіктестіктерді, сенімді тұлғаларын және осы саладағы басқа да мамандарды қайта даярлаудан өткізу керек. Жыл сайын біліктілігін арттырып отыру қажет. Себебі біліктілігі жоқ мамандар, тұрғындардың төлемдерін дұрыс игере алмай, желге шашып жатыр, – дейді Алтынай Көбеева. 

Еске салайық, Алматыда 56 МИБ тіркелген. Оның ішінде Алатау ауданында — 7, Алмалы ауданында — 8, Әуезов ауданында — 12, Бостандық ауданында — 16, Медеу ауданында — 12, Наурызбай ауданында — 1 және 2 жай серіктестік тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы