Алматылық дәрігерлер 5 күнде 30-дан астам күрделі операция жасады

14 Наурыз 2024, 16:02
889
Бөлісу:
Алматылық дәрігерлер 5 күнде 30-дан астам күрделі операция жасады
Фото: КІАҒЗИ

Алматылық КІАҒЗИ аритмологтары ресейлік профессормен бірге ота жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Радиожиілік катетерлік абляция жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсіреді. Осылайша адамдардың өмірін құтқарады, оларды толыққанды өмірге қайтарады. Бұл жүйе Алматыда тек КІА ҒЗИ-да ғана бар.

Біз алыс және жақын шетелдердің медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықтамыз. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибе алып жатыр. Сергей Николаевич жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірледі. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға енгізілді. Профессор Артеменкоға операцияларды кәсіби қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді, - дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Алматылық дәрігерлер 5 күнде 30-дан астам күрделі операция жасады

Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады. Еліміздің басқа клиникаларында бірнеше рет қайталап ота жасалған науқастар бар. Нақты айтқанда, күрделі аритмиямен 63 және 54 жастағы 2 науқасқа операция жасалды. Олардың екеуі де қозғалмаса да сезілетін жүрек соғысының жиілігі, физикалық жүктеме кезінде ентігу, жалпы әлсіздікке шағымданған. 

Алматылық дәрігерлер 5 күнде 30-дан астам күрделі операция жасады

Тексерілу барысында олардың аритмияның патологиялық ошақтары жүректің өткізгіш жүйесінде онымен «қауіпті» жақындықта орналасқаны анықталды. Персоналдың жоғары біліктілігінің, жоғары технологиялық жабдықтың және пациенттерді тиісті даярлаудың арқасында операциялар сәтті өтті.

Алматылық дәрігерлер 5 күнде 30-дан астам күрделі операция жасады

Профессордың айтуынша, қажетті жабдықтардың институтта болуының арқасында қазақстандық әріптестер ең күрделі операциялар жасай алады. 3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Науқас толығымен қалпына келеді, нәтиже операция кезінде көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы