Алматылық бизнесмендер Атырауға қайық жіберді

10 Сәуір 2024, 01:19
399
Бөлісу:
Алматылық бизнесмендер Атырауға қайық жіберді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Еліміздегі су тасқынына байланысты төтенше жағдай алматылық бизнесмендерді бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Осыған байланысты кәсіпкерлер Атырау облысының Құлсары қаласында құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға арналған Grizzly 2072 CC қайығын тегін тапсырды. Жүзу құралы Mercury Optimax 115 қозғалтқышымен, құтқару кеудешелері жиынтығымен және қажетті мотор отынымен жабдықталған. Сондай-ақ әрқайсысы 10 орындықты 30 шатыр бар.

Өзгелердің жаңалығы