Алматылық әртістер АҚШ-тағы шоуда топ жарды

6 Мамыр 2024, 10:45
736
Бөлісу:
Алматылық әртістер АҚШ-тағы шоуда топ жарды
VIDEO
Фото: Скрин

Алматы циркінің әртістері Britain's Got Talent шоуының екінші турына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britai 's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті. 

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады. 

Жобаның көрермендері мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті. 

Қазақстаннан қатысушылар 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына бірауыздан өтті. 

Өзгелердің жаңалығы