Алматылық болашақ офицерлер ардагерлерді құттықтады

9 Мамыр 2021, 13:33
1491
Бөлісу:
Алматылық болашақ офицерлер ардагерлерді құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары 9 мамыр Жеңіс күніне орай Әуезов ауданынындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. 

Сұрапыл соғыстағы жеңістері үшін алғыс айтып, сыйлықпен қоса гүл шоғырымен құттықтады. Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагері Елена Федоровна болашақ офицерлерге ерекше алғысын жеткізді.

Алматылық болашақ офицерлер ардагерлерді құттықтады

Минибаева Елена Федоровна 1923 жылы 6 тамызда туған. Сұрапыл соғыс жылдары басталғанда небәрі 18 жасқа толған қыз ерікті болып әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысында Қиыр Шығыста сержант болып қызметін өтеді. Майданда ерлігімен көзге түскен майдангер әже «Жапонияны жеңгені үшін», «ҰОС ардагері» медальдарымен марапатталған.

Алматылық болашақ офицерлер ардагерлерді құттықтады

Әуезов ауданының ардагері Александра Васильевна әскери азаматтарды көріп қуанышын жасырмады, әңгімесін айтып, соғыс өртінің ешқашан тұтанбауын тіледі.

Бұл соғыс талай қандастарымыздың қанымен шайылды. Ешқашан соғыс өрті бейбіт Қазақстанның жерінде тұтанбасын, - деп ақ тілегін жеткізді.
Алматылық болашақ офицерлер ардагерлерді құттықтады

Завалей Александра Васильевна 1924 жылы 18 шілдеде туған. Екінші дүниежүзілік соғыстың Беларусь майданында аға сержант болып Отан алдындағы борышын өткерді. «2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «ҰОС ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.

Қан майданда жаралылардың жанын емдеген Мария Андреевна курсанттарға ерекше алғысын білдірді.

Целуева Мария Андреевна 1925 жылы 1 шілдеде туған. Екінші Дүниежүзілік соғыста бірінші Украина, Сталиноград майданында медбике болған. «2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Маршал Г.К. Жуков», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.



Өзгелердің жаңалығы