Алматыға шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен келді

25 Желтоқсан 2022, 15:50
989
Бөлісу:
Алматыға шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен келді

Оны әуежайда жас шахматшы Дилайла Сәдуақасова күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, шахматтан әлем чемпионаты Алматыда 30 желтоқсанға дейін өтеді. Титулдар үшін әлемнің 50 елінің жетекші шахматшылары таласады.

Қазіргі чемпионмен кездескен Дилайла Сәдуақасова блиц бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, 2019 жылғы Карпов кубогінің иегері, Халықаралық шахмат федерациясының FIDE сыйлығының иегері. Шахматшы әлем чемпиондары туралы әңгімелейтін «Делайламен шахмат хикаялары» атты бірегей мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталды. 

Мен Магнус Карлсеннің мансабына таңданамын және оның чемпион ретінде қалыптасуында әкесінің рөлі мен еңбегі зор деп есептеймін. Мені де туыстарым қолдайды, олардың қолдауынсыз менің табысым мүмкін болмас еді. Мен тек Магнус емес, оның әкесінен де қолтаңба алдым, – дейді тоғыз жасар Дилайла.

Алматыға шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен келді

Әлем чемпионаты Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтіп жатыр. Жүлде қоры бір миллион долларды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы