Pfizer вакцинасы қашан әкелінетіні белгілі болды

2 Қараша 2021, 14:59
867
Бөлісу:
Pfizer вакцинасы қашан әкелінетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы індеттің таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында белгілі болды. Кеңес қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен еді.

Кеңес барысында Biontech және Pfizer бірлесіп әзірлеген «Комирнати» препаратымен вакциналауға дайындық мәселелері қаралды. Препараттың жеткізілуі осы айға жоспарланған.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына денсаулықтарын сақтау үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алуға шақырды. Вакцинациялау эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, қала өмірін қалыпты жағдайға қайтаруға, шектеу шараларының алынуына мүмкіндік береді деп отыр.

Айта кететін жайт, мегаполисте күн сайын 137 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылықтар коронавирусты қай жерден жұқтыратыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы