Алматыға күніне 500 тоннаға дейін қант жеткізіледі

14 Маусым 2022, 15:10
2078
Бөлісу:
Алматыға күніне 500 тоннаға дейін қант жеткізіледі
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Алматы қаласына күн сайын 300-500 тонна қант жеткізіледі. Меркі, Талас және Көксу қант зауыттарының өнімдері тарату орталықтарына келіп, сол жерден ірі сауда желілеріне, В, С сыныпты базарлар мен дүкендерге жіберіледі.

Ал, Алматы тұрғындарының қантқа деген қажеттілігі - 3,3 мың тонна. Логистика бойынша қоймаларға шамамен 5 мың тонна қант түседі.

Қазіргі таңда Алматы тұрғындары арасында жидектер мен жемістерді қайнату маусымына байланысты қантқа деген сұраныс жоғары. Сұранысты қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қант жеткізу көлемін ұлғайтты, бұрын күніне 250 тонна жеткізілетін. Ірі сауда желілері үшін құмшекердің көтерме бағасы келісіне 420-430 теңге,  ол 445 теңгеден сатылады,-деді Ерлан Омаров.

Алматыға күніне 500 тоннаға дейін қант жеткізіледі

Осы жылдың қыркүйек айында Ақсу қант зауыты іске қосылады деп күтілуде, нәтижесінде Алматыға 10 мың тоннаға жуық қант жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде Алматы қаласының сауда нысандары мен өндірістік кәсіпорындарының қоймаларындағы қант қоры шамамен 11 мың тоннаны құрайды екен. Қалаға жеткізу уақтылы жүзеге асырылады, ҚТЖ вагондарын беру кідіріссіз жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы