Алматыға келтірілген шығын есептеліп жатыр

6 Қаңтар 2022, 13:36
1005
Бөлісу:
Алматыға келтірілген шығын есептеліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Алматыда антитерорлық арнайы операция жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Комендатурасының инфоорталығы хабарлады. 

Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік барысында полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметімен басқа арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтірілді. Қаладағы кейбір нысандарға қасақана шабуыл жасағандар болды. Орталықтағы дүкендер тоналып, азық-түлік тапшылығы байқалуда. Сондай-ақ көліктер жұмысын тоқтатты. Қалалық әкімдіктерден хабар алу әзірге мүмкін болмай тұр. Әсіресе, қалалық полиция департаментінің жедел штабы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар 102 нөміріне хабарласа алады. Қалаға келтірілген шығын көп, - делінген "Хабар24" арнасына берген хабарламасында. 

Еске салайық, 5 және 19 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізілді. Ішкі істер органдары мен құқық қорғау қызметкерлерінің тиісті қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында істер атқарып жатыр.

Сондай-ақ елдегі туындаған мәселлерге қатысты Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдармен байланыс үзілмегенін жеткізді. Онда шетел азаматтарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетіндігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы