Алматыға биыл қанша турист келгені белгілі болды

29 Қараша 2021, 17:44
1010
Бөлісу:
Алматыға биыл қанша турист келгені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте эпиджағдайға қарамастан қалаға келуші туристер саны артқанын жеткізді.

Оның айтуынша, қалаға туристерді тарту жұмыстары эпидахуалға байланысты жүргізіледі. Егер келесі жылы жағдай түзелсе, бұл жұмыстар қайта жанданады.

2017 жылы қалада Универсияда өтті, оған қоса елімізде EXPO көрмесі ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 2018 жылы Алматыға келген туристер саны 1 млн-ға жеткен еді. 2019 жылы 1,3 млн турист келді. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты қалаға 400 мыңға жуық турист қана келген. Биыл екінші тоқсаннан бастап қалаға келуші туристердің саны артып, 501 мыңға жетті. Жыл соңына дейін 800 мыңға дейін жетеді деп отырмыз, - деді Қиқымов.

Сондай-ақ ол қалаға туристерді тарту жұмыстары үзіліссіз жүріп жатқанын, негізінен онлайн түрде іске асып жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы