Алматыға 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды

19 Қаңтар 2023, 11:41
1050
Бөлісу:
Алматыға 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды

Қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала бойынша 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, 12%-ке өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде Алатау ауданы бойынша – 127 млрд теңге. 
 

Тартылған инвестициялардың арқасында 2022 жылы Алматыда 57,5 мың жұмыс орны, оның ішінде 40,3 мың тұрақты (70%) жұмыс орны құрылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ға дейін төмендеткен негізгі фактор болды. Оның ішінде қаладағы әрбір бесінші жұмыс орны Алатау ауданында құрылды, - деді қала әкімі.

Былтыр Алматы бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемі 1,2 трлн. теңгеге жуықтап, 42,7%-ға өсті. Алатау ауданы бойынша түсім 73,5 млрд. теңге.

Өзгелердің жаңалығы