Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді

10 Мамыр 2020, 08:35
1196
Бөлісу:
Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 10 мамыр күні Алматы уақытымен 7 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 613 шақырым қашықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8, магнитудасы – 4,2. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәлімет жоқ.



Өзгелердің жаңалығы