Алматыдан 400 тонна қоқыс шығарылды

10 Қаңтар 2022, 12:17
1118
Бөлісу:
Алматыдан 400 тонна қоқыс шығарылды

Алматы,BAQ.KZ. Алматы қаласы коммуналдық қызметі жаппай тәріпсіздіктен кейін қала аумағын тазартып жатыр.

«Алматы тазалық» мекемесінің мәліметінше, 2022 жылғы 10 қаңтарда қаладан 400 тонна қоқыс шығарылған. Ал, тазалау жұмыстарына 224 бірлік техника мен 868 жұмысшы тартылған.

Аумақты тазарту жұмыстары қаладағы тіршілік толықтай қамтамасыз етілгнеге дейін жалғасады. Қаладағы ТЖ-ға байланысты түнгі уақытта тазарту жұмыстары жүргізілмейді,– делінген хабарламада.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде «Алматы тазалық» мекемесінің 10 арнайы техникасы зақымдалған, оның ішінде екі көлік толықтай өртеніп кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Өзгелердің жаңалығы