Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев хабарлады. Оның айтуынша, мегаполистегі жаппай тәртіпсіздіктерден полиция 405 қылмыстық істі тексеріп жатыр.
Әр құқық бұзушыға жеке қарап, жасалған әрекеттердің сипаты мен ауырлық деңгейіне бағалау жүргіземіз. Барлық осы міндеттемелерді есепке ала отырып, қала прокуратурасы 71 тұлғаға қатысты әкімшілік жазаны жұмсартты. Уақытша ұстау изоляторынан 91 тұлғаны босаттық, - деді ол.
Сонымен қатар прокурор қазіргі таңда тергеліп жатқан 405 қылмыстық іс бойынша қанша адам қамауға алынғанын айтты.
Құқық қорғау органдары 405 қылмыстық іске қатысты 249 тұлғаны қамауға алды, - деп атап өтті Берік Жүйріктаев.
Террористер мен тонаушылардың кесірінен қаладағы 2 мыңнан астам нысан зардап шеккен. Қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша іс-шаралар қолданылып жатыр.
Оқи отырыңыз: