Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Мәйітханадан 41 мүрде ұрланған

16 Қаңтар 2022, 21:01
1535
Бөлісу:
Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Мәйітханадан 41 мүрде ұрланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов хабарлады. Оның айтуынша, шабуылды кәсіби дайындалған адамдар жасаған.

Шабуылды кәсіби дайындалған, қару-жарақты қолдану мен төбелестің әдістерін барынша жетік меңгерген адамдар жасаған. Осы орайда олар өлтірілгендер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетіп отырған. Мәселен, осы күндері  мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалып, белгісіз тұлғалар 41 мүрдені ұрлап әкеткен, - деді  Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар шабуылшылар түні бойы қаланы торуылдады деп отыр.

Лаңкестердің тобында снайперлер де болды. Олар полиция департаментіне қарсы тұрған биік ғимараттың шатырына шығып алып оқ атты, - деді ол.

Сондай-ақ ол бүгінгі күні жағдай тұрақтанғанын алға тартты. Құқық бұзушылық туралы әрбір дабыл мұқият тексеріледі.

Өзгелердің жаңалығы