Алматыдағы сот: Сотталушы автобус жүргізушісін неліктен ұрғанын айтты

24 Сәуір 2024, 17:17
21428
Бөлісу:
Алматыдағы сот: Сотталушы автобус жүргізушісін неліктен ұрғанын айтты
Фото: Видеодан скрин

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушы өзінің “көпірдің үстінен түсір” деп айтпағанын және жүргізушінің сөзімен келіспейтінін айтты.

Менің жүргізушіге боқтық сөз айтып, қорламағанымды куәгерлер растады. Жүргізуші “маған боқтық сөз айттың” деп жала жауып отыр. Екіншіден, мен көпірдің үстінен түсемін деп әрекет жасаған жоқпын. Мен сараптамадан өттім, денім сау болды. “Мені аялдамадан түсіріңіз” дегенімде, маған ақы төлемедің деп есікті жауып алды. Жол ақысын қолма-қол төле деп айтты, – дейді сотталушы.

Судья сотталушыдан нелітен автобус жүргізушісін ұрғанын сұрады.

Ұрғаным дұрыс болмады, мойындаймын. Мен жүргізушіге түсіндіріп айтып жатқанымда ол провокация жасады. Қолыңнан келсе ұр дегенде өзімді ұстай алмай қалдым, – дейді сотталушы. 

Ол өзінің бұзақылық бабын мойындайтын, қалған баптарға келіспейтінін айтты. 

 Мен 293-бабының 1-бөлігі бұзақылық жасағанымды мойындаймын, ол дұрыс болмады. Ал 351 бап бойынша Шөкебаева кінәлі деп санаймын. Себебі ол мені жанына шақырып алды, – дейді сотталушы.

Өзгелердің жаңалығы