Алматыдағы сот: Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамайтынын айтты

25 Сәуір 2024, 13:21
1343
Бөлісу:
Алматыдағы сот: Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамайтынын айтты
Фото: Видеодан скрин

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы тікелей эфирде болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Автобус жүргізушісі жолаушылар жол ақысын төлей алмай жатқанда көмек ретінде телефонын алып, көмектесетінін айтты. 

Сот барысында жәбірленуші Құсайынова мені кінәлі көрсеткісі келді. Мені "неге телефонды алдың" деп тергей берді. Бірақ бұл жерде менің кінәм жоқ қой. Телефонды алып, смс көрсетсем - мен көп адамға солай жасаймын. Біздің қалаға келетін адамдар көп, олардың көбісі жолақасын төлеудің бұл жолын біле бермейді. Сол себептен мен көрсетіп беремін. Адвокатта маған осы сұрақты қоя береді. Маған жолаушылардың көпшілігі жол сұрап, көмекке жүгінеді, – дейді жүргізуші Шөкебаева.

Ол сондақ-ақ бұл іске қатысы бар Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті.

Ол ұрмағанда мен есімнен танбас едім. Бұндай жағдай орын алмас еді. Сол себептен Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етемін, – дейді автобус жүргізушісі.

Өзгелердің жаңалығы