Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары әлі жалғасуда

22 Мамыр 2021, 17:15
3090
Бөлісу:
Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары әлі жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы сауда орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ұтыс ойын өткізіп жатыр.

Кеше қаланың Наурызбай ауданында орналасқан «Строй сити», «Ақбұлақ» сауда орталықтары мен «Жібек жолы» базары вакцина алғандар арасында ұтыс ойын ұйымдастырса, бүгін «Глобус» сауда орталығы ұтыс ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді.

Назар аударыңыз! «Глобус» сауда орталығы Сіздерді супер ұтыс ойынына қатысуға шақырады! 22-31 мамыр аралығында COVID-19 вакцинасын алып, Iphone 12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысыңыз! Ұтыс ойыны @globus_trc ресми Instagram парақшасында 2021 жылдың 1 маусымында сағат 15:00-де тікелей эфирде өтеді. Вакцинация сіз таңдаған екі вакцинамен жүзеге асырылады - «Спутник V» (Гам Ковид Вак, Ресей) және Hayat Vax (БАӘ), - делінген хабарламада.
Сондай-ақ сауда орталығы қаланың барлық тұрғынын 2021 жылғы 22-31 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін «Глобус» сауда орталығына келіп вакцина алуға шақырады.
Өзгелердің жаңалығы