Алматыдағы «Сәлем» базарынан өрт шықты

6 Ақпан 2023, 22:08
733
Бөлісу:
Алматыдағы  «Сәлем» базарынан өрт шықты
Фото: Алматы ТЖД

Алматыда «Сәлем» базарындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

6 ақпанда сағат 21.09-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы,   Бөкейханов көшесі , 508 а мекен-жайында орналасқан   «Сәлем» базарының аумағындағы екі қабатты контейнерлер өртеніп жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, 120 ш.м.  Көрші контейнерлерді сөндіру және қорғау үшін өрт саптамалары енгізілді.

Оқшаулауға 21.42-де қол жеткізілгені белгілі болды.  Қаза болғандар  мен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы