2026 жылғы 20 маусымнан бастап Алматы қаласындағы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі ұзындығы 6 шақырым болатын учаскесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ ұйымдастырылды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, арнайы жолақ енгізілгеннен кейін жүргізілген мониторинг қоғамдық көлік қозғалысының негізгі көрсеткіштерінде оң өзгерістер бар екенін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атап айтқанда, таңертеңгі қарбалас уақытта аталған учаскелердегі қозғалыс жылдамдығы 11,8 пайызға артқан. Сонымен қатар тәуліктік медианалық жылдамдық 18 пайызға өскен.
Осылайша, мониторингтің алдын ала нәтижелері қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы мен тұрақтылығы жақсарғанын көрсетіп отыр.
Қозғалысты оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосылатын учаскелерде қайта жолақ ауыстыру кезінде туындайтын қақтығыстарды азайтуға мүмкіндік беретін жинақтаушы жолақтар ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, Рысқұлов даңғылы мен Төле би көшесі жолайрықтарының арасындағы Саин көшесінің оңтүстік бағытындағы бөлігінде қозғалыс жылдамдығына сағатына 60 шақырым шектеу енгізілген.
Сонымен қатар қала билігі көлік жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Арнайы жолақтың автомобиль қозғалысына және жол жүру уақытына жалпы әсерін толық бағалау үшін қосымша статистикалық деректерді жинақтау қажет екені айтылды. Бұл ретте жаңа оқу жылының басталуына байланысты көлік жүктемесінің өзгеруі де ескерілмек.
Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта аталған учаскедегі қозғалысты одан әрі ұйымдастыруға қатысты түпкілікті шешім қабылданбаған.
Бүгінде Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы көлік жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Алдын ала нәтижелер қоғамдық көлік қозғалысында оң динамика бар екенін көрсеткен. Атап айтқанда, қозғалыс жылдамдығы артқан, қозғалыс аралықтары қысқарған және жолаушылар сұранысы сақталған жағдайда бағыттардың тұрақтылығы жақсарған.
Ведомствоның мәліметінше, арнайы жолақтың тиімділігіне түпкілікті баға бейімделу кезеңі аяқталып, жеткілікті көлемде статистикалық деректер жиналғаннан кейін беріледі. Бұл ретте оқу жылының басталуымен байланысты көлік ағынының маусымдық өсуі де назарға алынады.
Мониторинг қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Қазіргі кезеңдегі негізгі міндет – арнайы жолақтың тиімділігін және оның қоғамдық көлікке де, Саин көшесіндегі жалпы көлік жағдайына да әсерін объективті бағалау.
Оқи отырыңыз:
Саин көшесінде жылдамдық шектелді: Әл-Фараби даңғылында да өзгеріс бола ма?
Алматыдағы Саин көшесіндегі автобус жолағы кептелісті азайтудың орнына күшейтіп жіберді