Алматыдағы Республика алаңында бірнеше ай бұрын ғана салынған орындықтар сынып қалған

13 Қазан 2026, 10:13
АВТОР
 Threads 13 Қазан 2026, 10:13
13 Қазан 2026, 10:13
227
Фото: Threads

Алматыдағы Республика алаңында бірнеше ай бұрын ғана орнатылған орындықтар сынып қалған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алматылық тұрғынның сөзінше, алаңда орындықтардың қойылғанына бірнеше ай ғана өткен. 

Бүгін күзгі әсем қаланы аралап жүріп, Республика алаңындағы бірнеше сынған орындықты көрдім. Оларды орнатқалы бірнеше ай ғана өтті ғой! Көңілім түсіп кетті. Кейбір адамдар әсемдікті бағаламайды екен деп ойладым. Ондай адамдарды әдемі орындардан қалай оқшаулауға болады? Әрине, бұл – риторикалық сұрақ, – деп жазды ол.

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, мердігер ұйым анықталған бұзақылық әрекеттерін тіркеп, бүлінген абаттандыру нысандары бойынша тиісті ақау актілерін жасап жатыр.

Зақымдалған нысандар мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері аясында қалпына келтіріледі, – деп хабарлады өкілдері.

Тағы оқи отырыңыз: 1,6 млрд теңгелік жоба жаңбырға шыдамады: Алматыдағы аялдамадан су ақты 

Наверх