Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды

15 Ақпан 2023, 14:00
890
Бөлісу:
Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды
Фото: Жамбыл ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ұрланған қаруды ғана емес, жалпы заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кезекті қару жасырылған орынды 2023 жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты. 

Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі «Benelli Argo-E» карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі «SM Action» газ тапаншасы табылып, тәркіленді. 

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен «Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастыруда, - деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев

Өзгелердің жаңалығы