Алматыдағы Орталық музейдің директоры ауысты

16 Наурыз 2022, 10:43
2866
Бөлісу:
Алматыдағы Орталық музейдің директоры ауысты

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК директоры болып Рашида Ерімқызы Харипова тағайындалды.

Рашида Ерімқызы 1975 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Биология пәнінің оқытушысы - 2001), «Нархоз» университеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры - 2016); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (Педагогикалық ғылымдар магистрі - 2020) тәмамдаған.

1993-1994 жж. «Жасталап» оқу-өндірістік комбинатында іс жүргізуші; оқу-өндірістік оқыту мастері;

1994-1999 жж. - биология пәнінің мұғалімі;

1999-2001 жж. - кәсіптік бағдар беру жөніндегі әдіскер;

2001-2003 жж. - директордың оқу-өндірістік істері жөніндегі орынбасары;

2003-2009 жж. - Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің өлке табиғатын ғылыми- зерттеу бөлімінің бөлім меңгерушісі;

2009-2010 жж. - музей басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары;

2010-2014 жж. - осы музейдің басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызына дейін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы болды.


Айта кетсек, бұған дейін аталған музейде профессор Нұрсан Әлімбай басшылық еткен болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы