Алматыдағы өрт. Тұрғындар қашан үйлеріне оралады?

3 Тамыз 2023, 14:25
701
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Тұрғындар қашан үйлеріне оралады?
Фото: BAQ.KZ

Әкімдік құрлыс компаниясымен бірлесіп «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді қайта қалпына келтіруге көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй кешенін салушы - "Ayt housing Complex" ЖШС-мен келіссөз жүргізілді, оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

– 2 қыркүйекке дейін «Ақкент» ТК пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
• құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
• құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге;
• пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);
• барлық жұмыстарды аяқтап, тұрғындарға пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;
• пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығыстарды өтеуге немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беруге;
• қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге денсаулықты қалпына келтіру бойынша, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (мамандандырылған емдеу, емдеуге жатқызу) аясында медициналық көмек көрсету;
• Еске салсақ, құрылысты салушы «Ayt housing Complex» ЖШС тарапынан өрт кезінде қаза тапқан жанның отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер берілетін болады.

Еске салсақ,  1 тамызда 17:10-да Алматы қаласы Алатау ауданының Ақкент ықшам ауданында тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер қызыл жалыннан 300 адам эвакуациялады, 70-ке жуық адам құтқарды. Алайда өрт кезінде бір әйел қайтыс болды. 

Ал 4 пациент балалар ауруханасының реанимациясына түскен. Қала әкімі қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар құрылыс компаниясы пәтерлерді жөндеп беретін болды. 

Дәрігерлер өрттен зардап шеккен адамдар ауруханаға қандай жарақаттармен түскенін айтып берген болатын. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің отбасына пәтер берілетінін жазған болатынбыз. Күні кеше Алатау ауданының әкімі тұрғындармен кездесіп, жағдайды бақылауда ұстайтын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы