Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар тапталып қалды

28 Ақпан 2024, 12:04
3868
Бөлісу:
Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар тапталып қалды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы мектептерінің бірінде 2024 жылдың 27 ақпанында кешке балалар сырт киімдерін ілетін бөлменің жанында балар көп жиналып қалып, тапталып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеодан көргеніміздей, онда балалар жығылып, құлап қалғандарын да байқауға болады. Білім ошағының басшылығы зардап шеккендер жоқ деп отыр.

Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халықтың наразылығын тудырды.

Алматы қалалық білім басқармасы оқиғаның №41 мектепте болғанын айтады.

Бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады, жобалық қуаты 870 орынға шақталған. Осы мектепте орын тапшылығын шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан сырт киім тұратын бөлмеде оқушылар жиналып қалған, - Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствода оқыс оқиғаға оқушылардың киімін ауыстыру процесін дұрыс ұйымдастырмауынан болып отыр дегенді айтады.

Мамандар бұл мектепте бұрын соңды мұндай оқиға болмағанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы