Мектептер мен ЖОО-да оқу тәртібі. Бекшин Қаулыға қол қойды

16 Қаңтар 2021, 21:24
2055
Бөлісу:
Мектептер мен ЖОО-да оқу тәртібі. Бекшин Қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп, колледж және ЖОО оқушыларын оқыту тәртібі туралы Қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес рұқсат етіледі:

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 - курс студенттері үшін ерікті негізде (ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің келісімімен) күшейтілген санитариялық - дезинфекциялық және маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау, білім алушылардың корпустарда , колледждердің аудиторияларында бір мезгілде болуы шартымен үй-жайлардың жобалық қуатының 30% - дан аспайтын, жоғары оқу орындарының аудиторияларында 40-50% - дан аспайтын кезең-кезеңімен аралас оқыту (пәндердің 70% - ы оффлайн режимде,

2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерінің жатақханаларында 30% - ға дейін, жоғары оқу орындарының жатақханаларында 50% - ға дейін тұруы.

Жалпы білім беретін мектептердің 1-5 (Халықаралық - 7-ден), 9,11 (12) сынып оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтық және асханаларды отырғызу орындарының жобалық қуатының 30% - нан аспайтын мөлшерде толтыру.

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 2020-2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап сабақтан тыс уақытта топтарда бес адамнан аспайтын жеке оқуға рұқсат.

Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімдеріне, білім басқармасына, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасына жүктелген.

Өзгелердің жаңалығы