Алматыдағы Масанчы көшесіне бір бағытты жол қозғалысы енгізілді

21 Желтоқсан 2020, 10:46
1551
Бөлісу:
Алматыдағы Масанчы көшесіне бір бағытты жол қозғалысы енгізілді

Алматы, BAQ.KZ.  Масанчы көшесінің Бөгенбай батыр қиылысынан Қарасай батыр аралығы оңтүстік бағытқа қарай бір жақты жол қозғалысы енгізілді.

Алматы қаласы Мобильділік басқармасының мәліметінше,  аталған көшеде бір бағытты жол ережесі 21 желтоқсаннан бастап енгізіледі. 

Сонымен қатар жолда жүрушілердің қауіпсіздігі үшін Бөгенбай батыр мен Масанчы көшелерінің қиылысына бағдаршам қойылады. 

Бұл жұмыс қаладағы велоинфрақұрылымды дамыту аясында жасалып жатыр. Қазір қалада 89 шақырымды веложолақ бар. Сондай-ақ біздің басқарма қаладағы велоинфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Мұндай шаралар қалада баламалы көлік құралдарының жүріп, тұруына жағдай жасау мақсатында іске асырылуда,-делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласына жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылатыны айтылған.

Өзгелердің жаңалығы