Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

14 Мамыр 2021, 13:29
1181
Бөлісу:
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматы, BAQ.KZ. 13 мамыр күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 557 жаңа жағдайы тіркелді, оның 474 симптомдық белгімен және 83-і симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, қазір барлық инфекциялық стационарда 3 180 адам бар, оның 103-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 216 науқас ем алуда.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үй жағдайында 3 817 науқасты бақылауда ұстап отыр, олардың ішінде жеңіл дәрежеде 3 208 және орташа ауырлық дәрежесінде 136, симптомсыз 473 науқас бар. Жұқпалы аурулар ауруханасынан жалпы саны 654 науқас одан әрі бақылау және оқшаулауға шығарылды, - делінген хабараламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 3 527 адам вакцина алған. Ақпанынң 1-нен бері барлығы 262 595 адам вакцинацияланған.

Жалпы қазақстандық QazVac вакцинасын 2 990 адам салғызды. Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 1 907 адам алды. Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-ларында 214 вакцинация пункті жұмыс істейді. 315 вакцинация бригадасында 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Өзгелердің жаңалығы