Алматыдағы эпидахуал

9 Наурыз 2022, 15:05
1546
Бөлісу:
Алматыдағы эпидахуал

Алматы, BAQ.KZ. 8 наурызда қалада коронавирус жұқтырған 23 жағдай тіркелді, оның 19 симптомдық белгілері бар және 4 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше ауруханадан 11 науқас жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны 8.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны  179 адам ем алып жатыр, оның 2-уі бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 30. ӨЖЖ – 7, инвазивті емес ӨЖЖ – 8, High flow-да 3 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 373 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 352, симптомсыз 21 науқас бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 178 адам, 2-компонетін  374 адам салдырған.
 

Өзгелердің жаңалығы