Алматыдағы ботаникалық бақ жабылады

3 Мамыр 2024, 12:04
5938
Бөлісу:
Алматыдағы ботаникалық бақ жабылады
Фото: Бас ботаникалық бақ

Бұл туралы Бас ботаникалық бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аумақ 6 мамыр күні жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді.

Қала қонақтары мен тұрғындарына ботаникалық бақтың 6 мамырда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. (Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін), – делінген жазбада. 

Өзгелердің жаңалығы