Алматыдағы «Байқоңыр» метро станциясы уақытша жабылды

Алматыдағы «Байқоңыр» метро станциясы уақытша жабылды
1799

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы «Байқоңыр» метро станциясы техникалық себептерге байланысты жабылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті жолаушылар, 28 ақпанда сағат 11.30-дан 17.30-ға дейін техникалық себептер бойынша «Байқоңыр» метро станциясы жабылды. Пойыздар осы станцияда тоқтаусыз жүреді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз маршруттарыңызды алдын ала түзетіп алуларыңызды өтінеміз, - делінген әкімдік хабарламасында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы