Алматыдағы Әуезов музейі 25 жылдан кейін жөндеуден өтіп жатыр

28 Қыркүйек 2021, 11:35
3299
Бөлісу:
Алматыдағы Әуезов музейі 25 жылдан кейін жөндеуден өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтың туған күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Әуезов оқулары» атты жас ғалымдардың ХҮІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттың директоры Кенжехан Матыжанов жиын барысында М. Әуезовтың алдағы жылы туғанына 125 жыл толатынын айта келе, мерейтойға дайындық жұмыстары қазірден басталып кеткенін жеткізді.

Келесі жылы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы. Ертеңнен бастап оған дайындық жұмыстары басталады. Биыл жазушының музейін қайта жаңғыртудан өткізіп жатырмыз, яғни 25 жылдан кейін күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құдай қаласа, келесі жылы жаңартылған муражайдың қабырғасында 125 жылдық мерейтойын атап өтеміз, - деді институт директоры.

Сонымен қатар ол ұлы жазушының туған күнін үнемі ұлттық мереке деген ұранмен өткізіп келе жатқандарын айтты. 

Пандемияға байланысты соңғы жылдары біраз мүмкіндіктер шектеліп қалды. Дегенмен жыл сайын жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясын дәстүрлі түрде өткізіп отырамыз. Оған қоса жас жазушылардың байқауын, конференцияларын ұйымдастырамыз, - деді Кенжехан Матыжанов.

Өзгелердің жаңалығы