Алматыдағы апат: Қаза болған адам "электрик" емес болып шықты

13 Қазан 2023, 16:14
953
Бөлісу:
Алматыдағы апат: Қаза болған адам "электрик" емес болып шықты

Алматыда электр бағанасында жанып кеткен адам электрші емес болып шықты. Қазір электр бағанасына өзге адамның не себепті шыққаны анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Informburo.kz мәліметінше, қайғылы оқиғаға қатысты энергия таратушы мекеме "Алатау жарық компаниясы" түсініктеме берді. 

Компания өкілдерінің сөзінше, 12 қазанда Талғар электр желілік компаниясы балансындағы No2-13И фидерін жөндеуден кейін қайта қосу кезінде сымдарында қысқа тұйықталу болды.

ВЛ-10кВ қосу кезінде қысқа тұйықталу болып, апаттық өшірілген. Кейіннен ЛР-10кВ бағанасында өзге ер адамды электр тоғы соққаны хабарланды. Оның не себепті бағанаға шыққаны белгісіз. Ол тұтынушының балансында. Ішкі тексеру жұмыстары жүргізілуде, - делінген компания хабарламасында.

Белгілі болғандай, қаза болған адамның есімі Думан Мүшірбек. Жасы 37-де болған екен.

Еске салсақ, Алматыда тоқ соққан "электриктің" бағанаға жабысып қалғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы