Алматыда тоқ соққан "электрик" бағанаға жабысып қалған

13 Қазан 2023, 11:44
1889
Бөлісу:
Алматыда тоқ соққан "электрик" бағанаға жабысып қалған
VIDEO

Алматы қалалық ПД тоқ соғып, электр бағанына жабысып қалған электршіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салсақ, кеше Halyqstan телеграм-каналында Алматының Түрксіб ауданында Атмосфера тұрғын үй кешені маңында электршіні тоқ соғып, жанып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Қалалық полиция департаменті мәлім еткендей, Түрксіб аудандық ПБ полицейлері ҚР ҚК 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы