Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: Бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қазір бірден бірнеше бағыт бойынша тергеу жүруде.

Бүгiн 2026, 15:48
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 15:48
Бүгiн 2026, 15:48
109
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат

Алматы қаласында адам өліміне әкелген резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 4-бөлігімен тергелген. Атап айтқанда, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу дерегі бойынша іс қозғалған.

Ведомствоның хабарлауынша, ағымдағы жылдың 13 мамырында қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданған.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 20 мамырда Алматы қаласы полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Тергеу ҚР ҚК-нің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша жүргізілген.

Полиция мәліметіне сәйкес, аталған қызметкер әрекетсіздік танытып, соның салдарынан адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу рәсімі жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР ҚК-нің 362-бабы 1-бөлігі бойынша тыйым салынған сериядағы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін заңсыз беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Ведомство бұл қылмыстық істің әлі тергеу сатысында екенін атап өтті.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қазір бірден бірнеше бағыт бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірі - мас күйде көлік жүргізіп, адам өліміне әкелген жол апаты болса, екіншісі - полиция қызметкерінің әрекетсіздігі. Сонымен қатар, тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілу фактісі де тексерілуде, - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда жүргізуші 12 жастағы оқушыны қағып кеткені хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Алғашқы сот отырысының күні белгіленді

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті

Алматы облысында жасөспірім көлікпен баланы қағып кетті

Наверх