Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті

Оқиға салдарынан бала түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
130
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақтауда бүгін, 14 мамыр күні кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 12:10 шамасында 19-шағынаудандағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде тіркелген.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

Оқиға салдарынан бала түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ДТП - АКТАУ (@dtp.aktau)

Наверх