Алматыдағы №7 аурухананың қабылдау бөлімі кеңейтілді

Алматыдағы №7 аурухананың қабылдау бөлімі кеңейтілді
965

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамыту шаралары аясында салынған № 7 ҚКА қабылдау бөлмесін аралап көрді.

Медициналық мекемені кеңейту Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жол картасы аясында жүргізілді. Бөлімше барлық заманауи талаптарға сай.

Қабылдау бөлімі қуатты автономды желдету жүйесімен, заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде компьютерлік томографпен, рентген қондырғысымен, УЗИ аппараттарымен жабдықталған. Бұдан басқа, операциялық залдар, сондай-ақ реанимациялық және қарқынды терапия палаталары қарастырылған.

Қабылдау бөлімінің жаңа ғимараты барлық санитарлық және техникалық нормалар мен стандарттарға сай әрі білікті көмек көрсету үшін медициналық персонал дайындалған.

Жаңа ғимарат жылына 100 мыңға дейінгі науқасты қабылдауға есептелген. Тәулік сайын қалалық клиникалық ауруханаға 300-ден 500-ге дейін пациент жүгінеді. Жылына – 80 мыңнан астам адам, оның 25 мыңға жуығы стационарда емделуде.

Бұған дейін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Наурызбай ауданындағы №36 емхана мен Алатау ауданындағы №25 емхана жанынан заманауи КТ-орталықтары ашылған болатын. Осының арқасында жоғары мамандандырылған медициналық-диагностикалық көмек алу үшін қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ шұғыл және жоспарлы пациенттердің патологияларын ерте анықтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Хабарланғандай, бүгінде Алматының денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау көрсеткіші 91,5%. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ға дейін жеткізілді. Жедел медициналық жәрдем жұмысы жақсартылды, 3 жаңа қосалқы станция салынды. Бригадалар саны екі есеге артты. Автопарк 70%-ға жаңарды.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы және ықтимал эпидемиологиялық қатерлерге ден қою бойынша елдің ғылыми-медициналық әлеуетін шоғырландыру мақсатында Алматыда инфекциялық аурулардың көпбейінді ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды.

Ағымдағы жылы үш емхананың, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының және №2 БҚКА қосымша корпустарының, паллиативтік көмек орталығы бар жаңа онкологиялық орталықтың және Медеу ауданында көпбейінді стационар ғимараттарының құрылысы жүруде.

250 төсектік балаларды оңалту орталығын және 50 төсектік ерте араласу орталығын орналастыру үшін бұрынғы Алматы темір жол ауруханасын реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы