Алматыда зират өртеніп кете жаздады

26 Тамыз 2020, 18:25
1588
Бөлісу:
Алматыда зират өртеніп кете жаздады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда құрғақ шөптердің өртену салдарынан Алатау ауданындағы зираттарға өрт қаупі төнді. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

26  тамыз күні 13 сағат 10 минутта Алатау ауданындағы Индустриалдық аймақта құрғақ шөптер өртеніп, БАТЫС-Бұрындай зиратының аумағына таралу қаупі туындады. Қабылданған шаралар бойынша  2 гектар аумақты қамтыған қызыл жалын бір сағаттың ішінде оқшауланды. 14 сағат 34 минутта өрт толықтай сөндіріліп, зираттарға таралу қаупі жойылды, - делінген хабарламада. 

Тілсіз жаумен күреске «Ермак» ранцті өрт сөндіру құралы мен «жарылғыштар» қолданылып, 25 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника жұмылдырылған.  

Зираттардың маңайы қоқыстардан уақытылы тазаланып, жырту жұмыстары жүргізілгендіктен, өрттен ешқандай зақым келмеген.  

WhatsApp Image 2020-08-26 at 17.11.21.jpeg

Аудандық ТЖ бөлімінің инспекторлық құрамы Батыс зиратының қызметкерлерімен өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеген болатын.  

Құтқарушылардың «Еріктілер Лигасымен» бірге белсене жүргізген алдын алу жұмыстарына Алматы қаласының Құтқарушы Христа храмының діни қызметкері - Протоиерей Анатолий Измеров те қатысты. Дін қызметкері тұрғындарды зираттарға барғанда, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды. 

Мен Сіздерден зират басында май шам жағып сыйынып болған соң, кетер кезде отты қараусыз қалдырмауды өтінемін. Май шамды міндетті түрде өшіріңіз. Дұға жасағанда абай болыңыз, өрт шықпасын! Бүгінгі таңда шөптер өте құрғап кеткен. Біздің зиратта құрғақ шөптер де қоқыстар да өте көп. Сіздерден зиратқа келіп, туыстарыңыздың қабірінің маңайын тазалауларыңызды өтінемін. Осы арқылы сіз қаламызда болатын өрттің алдын алуға өз үлесіңізді қосасыз. Үлкен рахмет айтамын. Құдай сіздердің барлығыңызды қолдасын, - деп атап өтті Протоиерей Анатолий.
Өзгелердің жаңалығы